Қазақ журналистерінің кәсіби біліктілігін көтеру;
Журналистерді ынталандыру;
материалдардың объективтілігі;
кәсіби шеберлігі;
мәселенің көтерілуі және оны жан-жақты ашып көрсету;
материалдар туғызған қоғамдық резонанс;
жұмыстардың шығармашылық толымдығы;
Байқауды өткізу жұмысын үйлестіру «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті бекітетін Байқаудың ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүктеледі.
Осы Ереже байқауға қатысуға үміткер, қызығушылық танытушы тұлғалардың барлығына танысу үшін ұсынылады. Ереже БАҚ-та жарияланады.
Байқауға қатысуға қазақ тілінде жазатын және хабар тарататын барлық республикалық, халықаралық және аймақтық БАҚ журналистері шақырылады.
Байқауға қатысуға қаржылық, экономикалық әлеуметтік, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту тақырыптарына негізделген материалдар қабылданады.
2018 жылдың 01 қаңтарынан 2018 жылдың 27 қарашасына дейін жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, сондай-ақ жарияланымдар мен бағдарламалар циклдері түрлі жанрларда (очерк, сұхбат, мақала, телевизиялық бағдарламалар, журналистік зерттеулер тағы басқалары) қабылданады.
Жарияланымдар түпнұсқа немесе материалдардың ксерокөшірмесі түрінде (басылымның атауы, күні және автормен байланыс жасау мәліметтері толық көрсетіле отырып) ұсынылуы тиіс.
Дыбыстық-визуалды жұмыстар эфирлік анықтамамен бірге телевизиялық бағдарламаның көшірмесі түрінде (cd/dvd дискілерінде, flash-тасымалдаушыларында) ұсынылуы тиіс.
Электрондық БАҚ журналистері жарияланған материалдардың көшірмесін интернет-сайтта орналастырылғанын растап жолдауы қажет.
Материалдар мемлекеттік тілде қабылданады. Байқауға материалдарды қабылдаудың соңғы күні – 2018 жылдың 27 қарашасы, сағат 20:00-ге дейін.
Ұсынылатын материалдарға мыналар қоса беріледі: журналист туралы қысқаша өмірбаяндық ақпарат, журналистің 3х4 см. мөлшеріндегі фотосуреті, ақпараттық материалдар тізімі.
Бір журналист ұсынатын материалдардың саны 1-ден аспайды.
Алматы қаласында Баспасөз мәслихаты өткізіліп, БАҚ өкілдеріне байқауды өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру жарияланады.
Байқау материалдары байқаудың Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайына немесе электронды поштаға 2018 жылдың 27 қарашасына дейін келіп түседі. Байқауға берілген өтініштерді қараудың регламентін Байқау комиссиясы белгілейді. Байқау комиссиясы өз жұмысының нәтижесі бойынша байқау лауреаттарын айқындайды.
Жеңімпаздарды жариялау келесі номинациялар бойынша байқауды жалпы қорытындылау шеңберінде іске асырылады:
Байқау туралы осы ереженің талаптарына сәйкесіздіктерді негізге ала отырып, үміткерді байқауға қабылдамауға;
қандай да бір үміткерге қатысты Байқау комиссиясының мүшесі өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталған кезеңде Байқау қорытындыларын жоққа шығаруға құқылы.
А) Барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
Ә) Байқауды өткізудің жариялылығын қамтамасыз ету;
Б) Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
Байқауға түскен материалдарға баға беру;
Жеңімпаздарға сыйлықтар тағайындай отырып, байқауды қорытындылау.
барлық қатысушылар үшін тең жағдай жасау;
байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне жол бермеу.
*Байқау комиссиясы мүшесінің байқауға қатысуына жол берілмейді.
А) Байқаудың өту шарттары мен тәртібі туралы ақпараттар алу;
Ә) Ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің тармақтарына түсіндіруді сұрау;
Б) Байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.
А) Байқаудың мән-жайымен алдын ала танысу, Байқауға қатысу үшін қойылатын талаптарды зерттеу;
Ә) Осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы ұсыну;
Б) Осы Ережеде қарастырылған ережелер мен процедураларды сақтау.
А) Материалдар мен түйіндемеде көрсетілген ақпараттардың шынайылығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін;
Ә) Осы Ережеде белгіленген шарттарды, ережелер мен процедураларды сақтамағаны үшін.
Байқауға ақпараттық қолдау жасауды ақпараттық серіктестіктер қамтамасыз етеді.
Байқаудың ұйымдастыру комитеті: Алматы қаласы, «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ, Алматы қаласы, 050008, Клочков көшесі, 21/29. Байланыс телефоны: + 7 778 878 34 08; электронды пошта: [email protected]
«Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ
zhaikpress.kz