27.06.2017, 17:38
Оқылды: 109

Журналистика ардагерлеріне құрмет көрсетілді


kyttiktau jayikpress 55555  Бүгін «Жайық Пресс» медиахолдингі ұзақ жылдар редакцияда еңбек еткен ардагерлерін Баспасөз мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.


  Сіздерді Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын. Биыл облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттерінің 100 жылдық мерейтойлары тойланғалы отыр. Бұл – ұзақ жылдар бойы баспасөз саласында қажырлы еңбек еткен сіздердің де тойларыңыз. Кейінгі буын өзіңіз секілді аға ұрпақ өкілдеріне қарап өседі, буыны бекіп, биіктерге құлаш ұрады. Әрдайым ортамызда аман-есен жүріңіз, жастарға айтар ақыл-кеңесіңіз таусылмасын,-деді «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры Жантас Сафуллин.

kyttiktau jayikpress  Ардагерлер Ғилаж Наурзин, Құбаш Қажымов, Мәжит Қайырғалиев, Энгельс Шыңғалиев, Амантай Боранқұлов, Еламан Әйпішев, Амангелді Ақмурзин, Гульжан Хайруллина, Өтепберген  Жүсібалиевтерге Алғыс хаттар мен қаржылай сыйлық табысталды. Ардагерлер өз кезегінде алғыстарын айтып, жастарға бата берді.

  Бұқаралық ақпарат құралдары арасында жуырда өткен спартакиадаға қатысқан жайықпресстік тілшілер де Алғыс хаттармен марапатталды. «Жайық Пресс» командасы жалпы командалық есепте сегіз команда арасынан екінші орын алған болатын. Атап айтсақ, команда волейболдан бірінші орын, жекелеген тілшілер үстел теннисінен бірінші орын иеленген болатын.

kyttiktau jayikpress 33333

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале