Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдік көліктерді заңдастыру жұмыстарының барысын сынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз шетелден әкелінген автокөліктерді заңдастыру туралы шешім қабылдадық. Алайда Үкімет ақпараттық жұмысты дұрыс жүргізген жоқ. Соның кесірінен, жұрт бұл науқан қалай жүргізілетінін білмей, әуре-сарсаңға түсіп жүр. Нақты қандай көліктерді заңдастыруға болатынынан да хабарсыз»,-деді Президент.
Мемлекет басшысы мұндай маңызды мәліметтер азаматтарға қолжетімді болуға тиіс және оны сенімді ақпарат көздерінен алуы қажет екенін атап өтті.
«Елді алаңдатып, дүрбелең туғызбау үшін Үкімет мұның бәрін тұрақты түрде халыққа қарапайым тілмен түсіндіріп отыруы керек»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.