26.07.2024, 12:17
Оқылды: 45

Жыл басынан бері 26 адамның өлімі мас жүргізушіден болған

Жыл басынан бері елімізде 238 мың жаяу жүргінші жол ережесін бұзып, айыппұл арқалаған. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп жазды ҚазАқпарат.

Полиция ЖП 2023

«Жыл басынан бері полиция 6 миллионға жуық жол ережесін бұзу фактісін тіркеді. Оның ішінде 238 мың жаяу жүргіншіге айыппұл салынды. 12 мыңнан астам жүргізуші мас күйінде ұсталып, қарсы жолаққа шығудың 5 мың дерегі анықталды. Сот 14 мыңға жуық жүргізушіні көлік айдау құқығынан айырды. 12 мыңнан астам заң бұзушы әкімшілік қамауға алынды», — деді Қайсар Сұлтанбаев.

Оның сөзінше, жыл басынан бері мас жүргізушілердің кінәсінен 178 жол апаты болып, салдарынан 26 адам қаза тапқан.

Комитет басшысы автомектептерге қойылатын талаптардың төмен екенін атап өтті.

«Олардың қызметіне мемлекеттік бақылау болмауына байланысты жүргізушілерді даярлаудың сапасы туралы айтудың қажеті жоқ», — деді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале