Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы туралы Қырғызстандағы әріптестерінен де ақпарат сұраған. Қазір бірнеше нұсқа қарастырылып жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.
"Түрлі болжам бар. Серік Күдебаевтың тау жақта шаруа қожалығы бар. Сол жақтан жол көрсететін адамдары болуы әбден мүмкін. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз. Ресми мәлімет бойынша ол Бішкек әуежайы арқылы Түркияға ұшып кеткен. Қырғызстанда да бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бірақ оның тергеуіне ресми түсініктеме берілмейді."Ерлан Алдажұманов, ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары, шекара қызметінің директоры
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің дерегінше жыл басынан бері 4,5 мыңға жуық адам шекараны заңсыз кесіп өтпек болған. Тұрғындардың заңсыз өту әрекеттері әрқилы сипатта. Яғни біздің елге кірмек болғандар да, шығып кетпек болғандар да бар. Заңсыз кесіп өту әрекеттері негізінен көршілес мемлекеттердің азаматтары арасында көптеп тіркелген.
zakon.kz