27.01.2025, 15:45
Оқылды: 51

Жыл басынан бері 51 адам коронавирус жұқтырды - ДСМ

Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Толығырақ Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова айтып берді, - деп хабарлайды KAZINFORM.

коронавирус

Сурет: сайт архивінен

Комитет басшысының мәліметінше, қазақстандықтардың арасында 16 жұқпалы ауру, оның ішінде оба, дифтерия, полиомиелит, іш сүзегі, паратиф, құтыру тағы сол сияқты дерттер тіркелген жоқ.

– 40 инфекциялық дерт бойынша төмендеу байқалды. Оның ішінде коронавирус 5,7 есе, лептоспироз 2,5 есе, сібір жарасы 46,5%, конго-қырым геморрагиялық қызбасы 40,6%, скарлатина 39%, бруцеллез 19,5%, эхинококкоз 15,2%, қызылша 6,3%-ға азайды, - деді Сархат Бейсенова орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы биыл 1 қаңтардан бері Қазақстан аумағында 51 коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелгенін айтты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 есе төмен.

Былтыр Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індеті өршіген жағдайда қосымша вакцина алатыны туралы хабарлаған еді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале