25.11.2024, 16:15
Оқылды: 14

Жыл басынан бері 8,7 мыңнан астам қызметкерге 2 млрд теңгеге жуық арнайы әлеуметтік төлемдер төленді – ҚНРДА

Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін 2023 жылғы желтоқсанда заң қабылданды, онда сақтандыру ұйымдары есебінен зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 55 жасқа толған қызметкерлерге жаңа әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру көзделген.

IMG_2927

Сурет: ОКҚ

«Биыл 9 айында 8,7 мыңнан астам қызметкерге сақтандыру ұйымдарынан 2 млрд теңгеге жуық арнайы әлеуметтік төлемдер төленді, болашақ төлемдер үшін 19,7 млрд теңгеге резервтер қалыптастырылды», - деді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында. 

Осы төлемдерден басқа 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖОМС шеңберінде алдын алу және оңалту шараларына төлемдер енгізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале