12.07.2022, 17:45
Оқылды: 21

Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 17,4%-ға өсті - Сауда министрлігі

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

220711210941535e

Жиынданда азық-түлік бағасының өсуін тежеу жөніндегі шаралар, инвестициялар тарту және өңірлердегі өзекті әлеуметтік проблемаларды шешу мәселелері қаралды. Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасы 17,4%-ға көтерілгенін хабарлады. Пияз, қант, сәбіз, картоп, қарақұмық, макарон, ұн және қырыққабат бағалары ең көп өскен. Ал тауық жұмыртқасының бағасы төмендеген. Өңірлер бөлінісінде азық-түлік Жетісу және Жамбыл облыстарында (19%), Алматы, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында (18,9%), сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында (18,6%) қымбаттаған. Премьер-Министр әлсіз контрактация пияз бен басқа да көкөніс бағасының өсуіне әкелетінін атап өтті. Мәселен, пияз бағасы Қызылорда облысында және Шымкент қаласында ең көп өскен. Әлихан Смайылов «айналым схемасы» шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру бойынша жұмысты жандандыруды, тұрақтандыру қорларының толықтырылуын қамтамасыз етуді және бөлшек сауда үстемесіне мониторинг жүргізуді тапсырды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне көтерме жеткізушілердің бағалық сөз байласу және бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін бақылауды күшейту, Қаржылық мониторинг агенттігіне заңсыз қант сатушылардың қызметтерінің жолын кесу, оның ішінде әлеуметтік желілер мен жарнамалық қосымшалар арқылы сатуды болдырмау, сондай-ақ қант жеткізу арналарын бақылауға алу тапсырылды. «Ауыл шаруашылығы министрлігі азық-түлікпен қамтамасыз етуге талдау жүргізіп, импорттың қажетті көлемін айқындап, өзімізде өнім өндіруді ұлғайту бойынша қосымша шаралар қабылдауы қажет», — деді Әлихан Смайылов. Күн тәртібідегі екінші мәселені қарау барысында Үкіметтің ҚР инвестициялық саясатының жаңа тұжырымдамасын қабылдағаны атап өтілді, оның шеңберінде негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша жаңартылған индикатор 2026 жылға қарай ЖІӨ-нің 25,1% деңгейінде белгіленді. Бұл ретте бүгінгі күні кейбір өңірлерде нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізілмей отыр. Мәселен, Шымкент бойынша орындау көрсеткіші 47,3%-ды, Түркістан облысы бойынша – 49,1%-ды, Жамбыл облысы бойынша – 65,8%-ды құрайды. «Әрбір өңір өзінің нысаналы индикаторларына қол жеткізу бойынша жан-жақты шаралар қабылдауы қажет. Бұл жұмысты ерекше бақылауда ұстау керек», — деп атап өтті Премьер-Министр. Кеңеске қатысушылар өңірлерде жалақы бойынша берешекті болдырмау, еңбек дауларын шешу және алдын алу мәселелерін, сондай-ақ ТКШ жүйесінде тарифтердің өсу факторларын талқылады. Үкімет басшысы мемлекеттік органдарға талдау және болжау қызметін күшейтуді, қазіргі проблемалық жағдайлар, сондай-ақ оларды шешу үшін мемлекет қабылдап жатқан шаралар бойынша азаматтарға егжей-тегжейлі және негізді түсіндірулерді қамтамасыз етуді тапсырды. Ұлттық экономика министрлігіне коммуналдық қызметтер тарифтерінің өзгеруін бақылауда ұстау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне өңірлерде көмірді уақытылы жеткізуді және үлестіруді қамтамасыз ету, Энергетика министрлігіне ішкі нарығын ЖЖМ-мен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале