Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция басқармасының бастығы Қанат Нұрмағамбетовтің айтуынша, биылғы жылдың басынан бері алты іздеу тобы басқа елдерге жіберілді, оның ішінде үшеуі Ресейге, екеуі Қырғызстанға, біреуі Өзбекстанға жіберілді. Өзбекстаннан Қазақстанға екі топ келді. Сонымен қатар, қылмыскерлерді ұстау үшін Интерполдың мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
"Биыл қаңтарда Анкара қаласында біз Түркияның Ішкі істер министрлігімен және Интерпол Бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Қазіргі уақытта әр түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 қылмыскер Түркияда ұсталды", – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Жалпы Қазақстан аумағынан тыс жерде барлығы 38 адам ұсталды, оның ішінде Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерде – 19. Ресей, Қырғызстан, Грузия және Өзбекстан сынды таяу шет елдерде де – 19. Шетелдік әріптестер үшін Қазақстан полициясы ел аумағында 150 қылмыскерді ұстады.