2023 жылғы 1 шілдедегі мәліметке сүйінсек, мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 503 кәсіпорны 17 мың жұмыскерге 4,2 млрд. теңгеден астам жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 593 нұсқама беріліп, 83,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,1 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды.
Оларға 4 млрд теңге төленді.