7.02.2022, 12:10
Оқылды: 40

Жыл сайын қатерлі ісікпен ауыратын 36 мыңға жуық науқас анықталады

Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Біздің мақсатымыз – халықтың онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте анықтау туралы хабардарлығын арттыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, қолжетімді скринингтік тексерулер туралы ақпараттандыру.

9CCC55B2-8830-4367-BA33-CF37E6053426.jpeg

Жыл сайын елімізде қатерлі ісіктің 36 мыңға жуық жаңа оқиғалар тіркеледі. Бүгінгі таңда диспансерлік есепте 190 мыңнан астам қазақстандық тұр. Жыл сайын онкологиялық аурулардан шамамен 14 мың адам көз жұмады.

Қазақстанда қатерлі ісіктің ең көп тараған түрлері: сүт безі обыры, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры және колоректалды обыры. Қазақстанда онкологиялық көмекті жетілдіру Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының және Қазақстан Республикасында онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспардың міндеттерін іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.

A903E59B-4D8E-4544-A988-19BD1C3BD283.jpeg

«2019 жылы Павлодар қаласында жоғары технологиялық желілік үдеткіші бар жаңа онкологиялық орталық іске қосылды, қазіргі уақытта аппаратта сәулелік терапия қызметтері көрсетіледі. 2020 жылы жаңа Маңғыстау облыстық орталығы іске қосылды, қазіргі уақытта онда заманауи жабдықтар (КТ, МРТ, желілік үдеткіш) орнатылды. 2019 жылдан бастап ҰҒМО мамандандырылған көмек көрсетеді, қазіргі уақытта Протон орталығын және басқа да жоғары технологиялық бөлімшелерді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасуда. 2021 жылы Өскемен қаласында (ШҚО) желілік үдеткіш іске қосылды. Сондай-ақ 2021 жылдың қазан айынан бастап ҚазОжРҒЗИ базасында Томотерапия орталығының жұмыс істеуі басталды.

Республикалық ұйымдарда қашықтықтан жоғары технологиялық сәулелік терапия (Томотерапия, стереотаксис, IMRT, IGRT), интраоперациялық сәулелік терапия, ағзалар мен тіндердің биотрансплантациясы, аз инвазивті хирургия дамып, пациенттерге ұсынылады. Клиникалық практикада әртүрлі биологиялық маркерлерді (иммуногистохимия, молекулярлық-генетикалық зерттеулер) айқындау бойынша қызметтер ұсынылады, бұл онкологиялық науқастарды дербестендірілген емдеуді жүргізуге мүмкіндік береді және ҚІ молекулярлық-биологиялық ерекшеліктерін неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді», – деді ҚР ДСМ штаттан тыс бас онкологы, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» Акционерлік қоғамының басқарма төрайымы, м.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова.

D242BC7B-CBBA-43AB-AFEA-ED19D96FBBE3-1068x712.jpeg

Кешенді жоспарда Нұр-Сұлтан, Семей, Шымкент және Ақтөбе облыстарында қосымша ПЭТ-орталықтарын ашу жоспарланған. 2021 жылдың сәуір айында Семей қаласында радиоизотопты диагностика мен радионуклидті терапияны қолдана отырып, Қазақстандағы алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды. Онда радиойод терапиясы жүргізіледі.

Қазақстанда жатыр мойны обырын, сүт безі қатерлі ісігін және тік ішектің қатерлі ісігін ерте анықтау бойынша ұлттық скринингтік бағдарламалар жүргізіледі. Қазақстан азаматтарына онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ГОБМП) кіреді және мемлекеттік бюджеттен толығымен қамтылған.

Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі:

1) сүт безі қатерлі ісігінің скринингі

2) жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингі

3) колоректальды қатерлі ісік скринингі

ҚазОжРҒЗИ қатерлі ісікті зерттеу бойынша халықаралық ынтымақтастықты белсенді дамытуда: қазіргі уақытта ТМД және Еуропаның жетекші ғылыми орталықтарымен өзара іс-қимыл және өзара ғылыми ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. ҚазОжРҒЗИ халықаралық клиникалық зерттеулерге белсенді қатысады. Институтта үнемі халықаралық конференциялар, шеберлік-сағаттар, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу өткізіліп тұрады.

88CE04DC-561E-4B85-919D-B887408582A4.jpeg

БАҚ өкілдерімен өткен онлайн баспасөз мәслихатына қатерлі ісікпен ауырып, отандық дәрігеплердің көмегімен құлан-таза жазылып шыққан азамат, Қазақстанның құрметті ұшқышы Рахман Оспанов азаматтарды дер кезінде тексерілуге және емделуге кеңес берді.

Түркітілдес журналистер қоры

https://ttjk.info/

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале