6.12.2023, 16:30
Оқылды: 39

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы табысталды

Астанада 47 волонтер мен волонтерлік ұйымдары «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының иегері атанды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада Халықаралық волонтерлер күні аясында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

9e5e365129ba39196c450f65de648d25_1280x720

Халықаралық волонтерлер күні аясында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желіде үндеу жасады.

f1f78f4e2e9b6f9a0f943d6b6089ca8a_1280x720

«Қазақстанда волонтерлік қозғалыс белсенді дамып келеді және қоғам өмірінде үлкен рөл атқарады. Волонтерлер қозғалысын белсенді қолдайтын Мемлекет Басшысының бастамасымен 2020 жыл «Волонтер жылы» аталып өтті. Соңғы 3 жылда қабылданған шаралар волонтерлік ұйымдардың 3 есе, белсенді волонтерлердің 5 есе оң өсу серпініне ықпал етті. Елімізде 700-ге жуық волонтерлік ұйым, 1000-нан астам бастамашыл топтар және 1000-нан астам «Күміс волонтер» бар. Осы кезеңде 300 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Волонтерлік қоғамдастық өкілдерінің, бизнес-құрылым өкілдерінің, жастардың қатысуымен волонтерлік қызмет тақырыбы қазақстандықтардың күнделікті өміріне және жаңалықтардың күн тәртібіне енгізілді. Бұған БАҚ-та жарияланған 200 мыңнан астам түрлі материалдар дәлел бола алады», - деп атап өтті өз үндеуінде министр.

Әлеуметтік маңызы бар 15 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.

Соңғы үш жылда еліміздің әр өңірінен, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген 185 волонтер сыйлықтармен марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале