30.05.2017, 18:08
Оқылды: 41

Жыл басынан бері облыста 95 өрт оқиғасы орын алған

 Ort kauiptiligi terserildi Облысымыздағы төтенше жағдай департаменті өрт қауіпсіздігі саласында бақылау профилактикалық қызметі басқармасының мамандары  өрт қауіпті кезең қарсаңында қалааралық жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тұрақ орындарына барып, өрт қауіпсіздігі бойынша рейд өткізді.


  Қалааралық таксисттер күн сайын Атырау, Ақтөбе, Ақсай қалаларына жол жүруі кездерінде орман, құрғақ шөп өртенуінің куәгерлері болады. Ормандардың, құрғақ шөптердің өртенуінің себептері әр түрлі. Алайда 90% жағдайда бұған себепкер – адам болып табылады. Қалааралық таксимен жол жүру барысында уақытты үнемдеу мақсатымен салонда темекі шегіп, терезеден тұқылын лақтырады. Бұл өз кезегінде құрғақ шөптің жануына әкеп соқтырады.

  Аталған жағдайлар орын алмас үшін, Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдай департаменті қызметкерлері үнемі халықпен насихат жұмыстарын жүргізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Шараның маңыздылығын түсінген Орал қаласының еріктілері рейдке белсене ат салысты.

   Сондай-ақ таксисттермен құрғақ шөп жану кезінде алғашқы іс-әрекет туралы түсіндірмелік жұмыс жүргізіп, көрнекі жадынамалар таратылды.  Ақпарат алған әрбір жүргізуші Департамент қызметкерлері мен жастарға өрт қауіпсіздігі ережелерін үнемі сақтап, өзінің жолаушыларын да соған бағыттайтындарына сөз берді. Соңында ескере кетер жайт, ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында 95 өрт оқиғасы орын алған.  

БҚО ТЖД

бас маманы

Азамат Нурпеисов

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале