7.08.2024, 15:45
Оқылды: 14

Жылқы, түйе секілді жануарларды қоғамдық орындарға кіргізуге тыйым салынады – маман

Жылқы, түйе секілді жануарларды қоғамдық орындарға кіргізуге тиым салынады. Мейрамханалар мен ойын алаңдарына да жылқымен кіруге, серуендеуге болмайды.

46C5B553-ADF8-4AAF-9BB9-766FFF9D2AAB

Жуырда Оралдағы жаңа алаңда ойнап жүрген баланы ат тепкені туралы ақпарат тараған еді. Жарақат алған бала шұғыл аруханаға жеткізілгені туралы айтылған болатын.

Оқиға 27 шілде күні кешкe болған.

Белгілі болғандай, баланы теуіп қалған жылқының иесі бұған дейінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған болып шықты.

Бұл туралы Орал қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Дүйсекенов айтты.

– 27-cі күні баланы жылқы тепкені туралы ақпарат түсті. Сол күні жылқының иесі анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жылқының иесі бұған дейінде жауапкершілікке тартылған болатын. Өкінішке орай полиция ескертуіне құлақ аспай тағы да жауапқа тартылып отыр. Ойын алаңдары мен мейрамханаларға жан-жануарларды кіргізуге тиым салынады, - деп атап өтті Орал қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Арман Дүйсекенов.

– Жылқы тепкен бала қазір қажетті ем-домын алып, үйге шықты, - деп мәлімдеді БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале