20.09.2022, 10:31
Оқылды: 104

Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары

Ауа температурасының төмендеуіне байланысты тұрғын үйлерде жылыту пештерінің, электр жылыту құрылғыларының пайдалану қажеттілігі туындайды. Осылайша, тұрғын үй секторында өрттердің пайда болу қаупі едәуір артады.

8908b40469ec2bdf66fe6e61cbf73e1e_XL

Осыған байланысты, Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті әкімдіктердің, жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлерімен, еріктілермен өрт қауіпсіздігі саласындағы үгіт-профилактикалық жұмысын күшейтті.

Өрт пен адам өліміне жол бермеу мақсатында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша рейдтік іс-шаралары өткізуде.

Рейдтердің негізгі мақсаты - тұрғындарды саналы болуға және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуды болдырмауға шақыру. ТЖД қызметкерлері электр желілерін жүктеуге, электр құралдары мен газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жол берілмейтінін түсіндіру.

Сіздің үйіңізде өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелерін есте сақтаңыз:

жылыту құралдарын пайдалану кезінде оқшаулағышы зақымдалған электр сымдарын пайдалануға тыйым салынады;

электр жылыту құралдарын жанғыш заттардың жанына орнатпаңыз;

үйден шыққан кезде барлық электр жылыту құрылғыларын өшіруді ұмытпаңыз;

жылыту маусымы басталар алдында және әрбір үш ай сайын жылыту маусымы бойы түтіндіктерді күйеден тазалауды ұмытпаңыз;

жарықтары бар пештерді пайдаланбаңыз;

жанып жатқан пештерді, қосылған электр қыздырғыш және газ аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

электр желісіне электр желісінің артық жүктелуіне әкелетін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын бір мезгілде қосуға жол бермеңіз;

барлық тұрмыстық электр құрылғыларының жұмысын бақылаңыз;

пәтерде газ иісі болса, электр жарығын қосуға, сіріңкені жағуға, темекі шегуге, ашық отты пайдалануға жол бермеңіз;

газ плитасы жанғанда, камин жанғанда, пеш жанғанда немесе электр аспаптары жанғанда балаларды үйде жалғыз қалдырмаңыз;

Өрт шыққан немесе түтін шыққан жағдайда өрт сөндіру қызметіне нақты мекен-жайын көрсете отырып, "101" немесе "112" нөмірлері бойынша дереу хабарласыңыз.

БҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале