
Фото сайт қорынан
ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы жариялаған мәлімет бойынша 2026 жылғы 1 қаңтар жағдайына Қазақстан Республикасында 2 319 жылыжай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% көп көрінеді.
Жылыжайлардың жалпы ауданы 12,1 мың шаршы метрді құрайды.
Көбінесе жылыжайлар көкөніс дақылдарын өсіруге арналған – 2 159 бірлік, яғни жалпы санының 93,1%-ы.
Басқа мақсаттағы жылыжайлар 160 бірлікті құрайды:
• гүл өсіруге арналған – 47 бірлік (2,0%);
• саңырауқұлақ өсіруге арналған – 6 бірлік (0,3%);
• басқа мақсаттағы – 107 бірлік (4,6%).