13.09.2021, 17:50
Оқылды: 43

Жыр дүлдүлінің 180 жылдығы өтеді

 

Өңірлік коммуникациялар қызметінің facebook парақшасы мен «AQJAIYQ» телеарнасының тікелей эфирінде өткен брифингте эпик жыршы, ғашықтық, батырлық жырлардың көп бөлігін мұра етіп қалдырған жырау Марабай Құлжабайұлы туралы айтылды. Брифингке ақын, «Құрмет» орденінің иегері Светқали Нұржан, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Қауланова, облыстық халық шығармашылығы орталығының  директоры Мәулет Жұбатов қатысты.

 eaf543ee-3bb7-43ef-92af-fa838b60a825

– Тілімізде бүкіл адамзатқа қажет рухани  қазына бар. Сол қазынаның бірі – Марабай мирасы. Осы мұраны қайтадан тірілтуіміз керек. Ол үшін жыраулар мектебін қалыптастырып, Фархад Оразов сынды талантты азаматтарға жыр бұйдасын ұстатқан жөн. Оған өлке басшылары тікелей ықпал етуі керек. Жыр құбылысын ұрпақ жүрегіне сіңірткенде ғана ол оянады, тіріледі, қазақ болады. Ал қазақ – рухы азат деген сөз, - деді Маңғыстау жерінің тумасы, ақын Светқали Нұржан.

86ba5056-84cf-4660-9dbd-cde55feed3ec

Облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мәулет Жұбатовтың айтуынша, 14 қыркүйек күні түске дейін Достық үйінде «Марабай тағылымы» республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтеді. Түстен кейін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ҚР Журналистер одағының мүшесі, DANAgaz журналының редакторы Нұрлан Сәдірдің «Марабай» музыкалық драмалық композициясын Бөрлі ауданы халықтық «Мұрагер» театры сахналайды. Ал 15 қыркүйек күні Теректі ауданында республикалық-аймақтық жыршылар байқауы өтеді. Бұл байқауға тоғыз үміткер қатыспақ.

 

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале