6.04.2022, 18:05
Оқылды: 46

Жырласа, жастар жырласын!

Бүгін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті филология факультетінде «Жаңа Қазақстанның жастары жырлайды» атты университетішілік мүшәйра өтті.

8a4661e6-e76c-4036-bb6b-c195062c43a0

Мүшәйраға Жансая Мусина, Талғат Мықи, Орынбек Меңдіқұлов, Марлен Ғилымхан сынды ақындар төрелік етті. Өлең жарысы үш кезеңді қамтыды. Студент ақындар әуелі патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқыса, екінші кезеңде өздері білім алып жатқан оқу орнына арналған жырын ұсынды. Соңғы сында қатысушылар берілген практикалық тапсырмаларды 5 минутта орындап үлгерді.

Жарыс қорытындысы бойынша Нұрасыл Иса 1-орынды иеленсе, Әділ Ахметов 2-орынға қол жеткізді. Бекзат Хожамедов, Жанәділ Қуандық және Арай Жолболдыға 3-орын бұйырды. Ал Айна Даутова мен Нұрай Базарбаеваға ынталандыру сыйлығы берілді.

Жүлдегерлер дипломдармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар осы мүшәйрада бірінші және екінші орын алған ақындар М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 90 жылдық мерейтойына арналған «Қасиет қонған қара шаңырақ» атты республикалық мүшәйраға қатысуға жолдама ұтты.

– Бүгін өлең тыңдап, бір жасап қалдық. Бұл іс-шара жастардың шығармашылықпен шұғылдануға деген құлшынысын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Осындай кештер өлеңге енді ғана қадам басқан шәкірттерімізге жаңа серпіліс сыйлайды деген ойдамыз. Қыркүйек айында өтетін республикалық мүшәйраға жолдама алған студенттерге сәттілік тілеймін, – деді филология факультетінің деканы Айдарбек Ақболатов.

 Әлкеш Қалқаман,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале