17.06.2024, 10:00
Оқылды: 89

Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету үшін арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр – Оқу-ағарту министрлігі

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әрбір бала үшін қауіпсіз және бақытты балалық шақты қамтамасыз ету мақсатында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

3BDE384C-5D88-4A0A-943D-2FD90BBE00C1

Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы

Бағдарлама аясында буллингке ұшыраған және зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға құқықтық, психологиялық қолдау көрсетіледі.

Негізгі мақсат – зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделін құру және көмек көрсету процесінде балаларға қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету.

«Әрбір бала зорлық-зомбылықтан қорғалуы тиіс. Көмек көрсету бағдарламасының қабылдануы балалардың салауаттығы және өзін қауіпсіз, жайлы сезінуі үшін жасалуда», − деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Бағдарлама шеңберінде зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету кабинеттері қызметінің бірыңғай моделі әзірленеді. Сот-медицина сараптамасын жүргізу, полиция қызметкерлерінің сұрақ-жауап алуы осы кабинеттерде жүргізілетін болады.

Кабинеттер қызметінің бірыңғай моделін Оқу-ағарту министрлігі әзірлеп, жергілікті атқарушы органдарға осы сынды кабинеттерді ашу стандарты ретінде ұсынатын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале