13.07.2025, 10:36
Оқылды: 230

«Ауылдағы әр үйдің теледидары мен радиосының кедергісіз жұмыс істеуі – біздің еңбегіміздің жемісі»

- Мен – 4-разрядты электромонтермін. 2020 жылдан бері Чапаев ауылындағы радиотелевизиялық станцияда («Қазтелерадио» АҚ| РТС Чапаев) жұмыс істеп келемін, - дейді «Мамандар галереясының» кезекті кейіпкері Азамат Қайратұлы.

Оның күнделікті жұмысына – ауыл мен қала арасындағы байланысты үзбеу кіреді.

Бұл келесі міндеттерді қамтиды:

- таратқыш құрылғылардың (передатчиктердің) параметрлерін тексеру,
- журналдарды толық әрі дәл толтыру,
- телефон және басқа да байланыс құралдары арқылы тұрақты қарым-қатынас орнату,
- компьютермен жұмыс істеу,
- телеарналар мен радиосигналдың сапалы көрсетілуін және естілуін қадағалау.
- Ауылдағы әр үйдің теледидары мен радиосының кедергісіз жұмыс істеуі – біздің еңбегіміздің жемісі, - дейді Азамат.

Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов,

 zhaikpress.kz

жп мамандар галлериясы (1) жп мамандар галлериясы (2) жп мамандар галлериясы (3) жп мамандар галлериясы (4) жп мамандар галлериясы (5) жп мамандар галлериясы (6) жп мамандар галлериясы (7) жп мамандар галлериясы (8) жп мамандар галлериясы (9) жп мамандар галлериясы (10) жп мамандар галлериясы (11)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале