Теңге ілу спорты арнайы жабдықталған ұзындығы – 150 метр, ені – 20 метр алаңда өткізіледі. 5.2. Сөре және мәре сызығы көлденеңінен ұзындығы - 20 метр, ені - 10 см болатын көлденең ақ сызықпен белгіленеді. 5.3. Сөре белгісі – көлемі 30х30 см болатын жасыл түсті жалауша. 5.4. Теңгенің жерден көтерілгенін көрсететін белгі– көлемі 20х30 см болатын қызыл түсті жалаушалар. 5.5. Мәре белгісі – көлемі 30х30 см болатын жасыл түсті жалауша. 5.6. Теңге салынған қалта қызыл түсті, биіктігі - 8 см, салмағы - 200 гр. 5.7. Спортшылардың киімі мен спорттық аттың әбзелдері ұлттық нақышта болуы міндетті. 5.8. Мандат комиссиясы мен жеребе тарту жарыс алдында өткізіледі. «Теңге ілу» жарысы 3 бөлім (үш жарыс болып есептеледі) бойынша өтеді – Бес белес, Қос құлаш, Жеті құт. Әр бөлім бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ілген теңгелері және уақыты бойынша анықталады. «Бес белес». Спортшыларға екі мүмкіндік беріледі. Осы екі мүмкіндікте жалпы ілген теңгелері және уақыты бірге саналады. Атпен шауып өту уақыты ересектер үшін - 35 секунд, жастар үшін- 37 секунд, жасөспірімдер үшін-38 секунд. Іріктеу кезеңінде теңгелер сөреден бастап 75 метрден, әр 10 метр сайын теңге қойылады- баруда теңге саны 5, қайтарда 5 теңге. Ақтық кезеңге жартылау ақтық кезеңнен өткен спортшылардың 50% қатысады, теңгелер сөреден бастап 65 метрден, әр 10 метр сайын теңге қойылады- баруда теңге саны 7, қайтарда 7 теңге. «Қос құлаш» Спортшыларға екі мүмкіндік беріледі. Осы екі мүмкіндікте жалпы ілген теңгелері және уақыты бірге саналады. Атпен шауып өту уақыты ересектер үшін - 16 секунд, жастар үшін- 17 секунд, жасөспірімдер үшін-18 секунд. Іріктеу кезеңінде теңгелер сөреден бастап 65 метрден, әр 10 метр сайын теңге қойылады- оң жақта теңге саны 2, сол жақта 2 теңге, оң жақ пен сол жаққа қойынған теңгелер арасы 40 метр. Ақтық кезеңге (финал) бірінші іріктеуден өткен спортшылардың 50% қатысады. Ақтық кезеңде теңгелер сөреден бастап 65 метрден, әр 10 метр сайын теңге қойылады- оң жақта теңге саны 3, сол жақта 3 теңге, оң жақ пен сол жаққа қойылған теңгелер арасы 40 метр. «Жеті құт» Спортшыларға екі мүмкіндік беріледі. Осы екі мүмкіндікте жалпы ілген теңгелері және уақыты бірге саналады. Атпен шауып өту уақыты ересектер үшін - 16 секунд, жастар үшін- 17 секунд, жасөспірімдер үшін-18 секунд. Іріктеу кезеңінде теңгелер сөреден бастап 75 метрден, әр 10 метр сайын қойылады. Теңге саны – 5. Ақтық кезеңде (финалда)теңгелер сөреден бастап 65 метрден, әр 10 метр сайын теңге қойылады:Теңге саны - 7.
Фотоға түсірген: Мейірбек Тажқұранов
