29.10.2020, 14:45
Оқылды: 207

«Ашық бюджет» жобасы іске асырылуда

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын қалыптастыру және дамыту жолында мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның өмір сүру үшін қолайлы орта құруға бағытталған күш-жігерін біріктіруге арналған алаңдар құру маңызды.

2F7C9F53-3B39-4D00-9F87-24FFEDD59C85

Бұл мемлекеттің халық алдындағы есептілігін қамтамасыз ету үшін жаңа құралдарды әзірлеуді және енгізуді білдіреді.

Қолданыстағы ақпараттық жүйелер ресурстарына қол жеткізу шектеулі болғандықтан, қоғамдық бақылауды толық көлемде жүргізуге мүмкіндік бермейді.

Бұл орайда «Ашық бюджеттердің» Интерактивті картасы www.publicbudget.kz электрондық жүйесі бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық мониторинг жүргізу үшін қолайлы құрал бола алады.

Оpenbudget.kz біріктірілген бюджетті кақпаратқа қол жеткізу порталы бюджет кірістерінің, шығыстары мен борыштық міндеттемелерінің серпінін көруге және өңірлер мен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінісінде бюджеттік ақпаратты салыстыруға мүмкіндік береді.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Нидерланд Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшілігі, «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры және «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығымен 2020-2021 жылдарға арналған «Ашық бюджет» жобасының Жарғысы бекітілді.

Аталған жоба сарапшылар қауымдастығын, азаматтарды қаржылық сауаттылық негіздеріне оқытуды және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуді көздейді.

Күтілетін нәтиже – мемлекеттік органдардың есептілігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың мемлекеттік органдарға сенімін қалыптастыру, тұрғындардың игілігіне бөлінген қаражаттың әділ бөлінуін қадағалау, бюджет қаражатын тиімді де ұқыпты пайдалану бағытындағы іс-шаралардың сыртқы бағалауын жүргізетін азаматтық қоғам өкілдерін кеңінен тарту және бюджеттерді жоспарлау мен шығыстаудың тиімділігінің артуы.

Осылайша, Жоба ясында қабылданған шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлықты жасыру мүмкіндігі шектеледі.

Бүгінгі күні «Ашық бюджеттердің» Интерактивті картасында Батыс Қазақстан облысы бойынша 1030 мемлекеттік мекеме бюджетін жариялады.

 Облыс тұрғындары www.publicbudget.kz жүйесінен кез келген мемлекеттік орган немесе ұйымның бюджет қаражатын бөлуі, оны игеруі туралы мәліметпен таныса алады.

Картада әлеуметтік нысандар – аурухана, емхана, білім беру ұйымдарына, салынып жатырған, жөндеу жүргізіліп жатырған жол, құрылыс нысандарынан бастап ауыл шаруашылығын субсидиялауға, т.б. салалар бойынша бөлініп жатырған қаражат туралы мәліметтер жарияланған.

Оған қоса, тұрғындар Интерактивті карта жүйесінде белгілі бір мекеме бюджетіне қатысты пікірін сол мекеме парақшасында орналастыруына және сол жерден пікіріне жауап алуына болады.

Осылайша, азаматтардың Жобаға белсенді қатысуымен тұрғындар игілігіне бағытталған қаржыландыруды бөлу бойынша маңызды шешімдер қабылдауға болады.

Халықтың қаржылық мәдениетін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету мақсаты етіп белгіленген «Ашық бюджет» жобасы бюджет мәселелері бойынша азаматтардың хабардар болуын және тартылуын арттыруды, жұршылықтың бюджеттік ақпаратқа қол жеткізуін кеңейтуді және Қазақстанның бюджет жүйесінің ашықтығын, есептілігін және тиімділігін арттыру арқылы мемлекттік басқаруға азаматтық қоғамды тартуға жәрдемдесуді көздейді.

        Б.М.Хайруллин,

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша

департаментінің Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы                                              

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале