23.11.2021, 15:39
Оқылды: 72

БҚО Қоғамдық кеңес жанындағы Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

2021 жылдың 23 қараша күні БҚО Қоғамдық кеңес жанындағы Құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы онлайн форматта ұйымдастырылды.

42

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабының 1 тармағына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті болып табылады.

Комиссия отырысына «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы, комиссия төрайымы Ә.Ө.Салиева, облыстық арнайы мониторингтік топ басшысы В.С.Колпаков, комиссия және арнайы мониторингтік топ мүшелері, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Құрылыс басқармасының басшылықтары қатысты.

Күн тәртібінде облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен Құрылыс басқармасының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатырған жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

41

Шара барысында аталған басқармалар қызметінде бұрын орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыстарын болашақта болдырмау бойынша нақты ұсыныстар айтылып, қатысушыларға бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажеттігі жеткізілді.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале