17.03.2015, 12:50
Оқылды: 79

Алғыс арқалаған ана

dameli_kusayynkyzy


Жуырда Бөрлі ауданының тұрғыны, зейнеткер ұстаз, батыр ана, қазақтың қолөнерін насихаттаушы Дәмелі Құсайынқызына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан Алғысхат келді.


Бұған дейін Дәмелі Құсайынқызы ел арасында киіз үй жасау өнерімен, ақындығымен танылған еді. Өзінің айтуынша, зейнеткер ана ел Президентіне әр жылдары жарық көрген «Әке», «Мұра», «Өнер өрге өрлетеді», «Із» секілді кітаптарын, өзі туралы телеарналарда көрсетілген хабарлар дискісін, газет-журналдардағы сұхбаттарын жолдапты.nadpis_v_knige

Қашан да халқының әдебиетін, дәстүрін қадір тұтатын Нұрсұлтан Әбішұлы ардақты ананың сәлемдемесіне бейжай қарамай, өлеңдерімен танысқан. Бұл туралы ҚР Президенті кеңесінің басшысы  М. Қасымбековтен келген жауап хатта айтылады. Ол хатта «Ардақты ана, ардагер ұстаз, танымал өнер иесі және ақынжанды азамат екеніңізді білген Президент өлең арнаған ізет-құрметіңіз үшін сізге өзінің алғысын жеткізуді және қолтаңбасы қойылған «Қазақстан жолы» кітабын жіберуді тапсырды. Елбасымыз сізге зор денсаулық пен ұзақ та бақытты ғұмыр тілейді» делінген.

Төл өнерімізді, мәдениетімізді насихаттауға өз үлесін қосып, сол еңбегі еленіп, көңілі бір марқайған Дәмелі Құсайынқызы жақында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнап кітап шығаруды жоспарлап отыр.


 

Айым НҰРҒАЛИЕВА,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале