31.08.2016, 10:07
Оқылды: 44

Қазталовтағы ардагерлердің гала концерті

Ардагерім- бағы биік асқарымсың,IMG_1072

Ардагерім – мәңгі жарық аспанымсың,

Ардагерім – абыройым, ақылшым

Ардагерім – мерейім, мақтанышым!

  • дегендей алдынғы толқын ағалардың жүріп өткен жолы біздер үшін мақтаныш. Өйткені бүгінгі өскелең ұрпақ олар жүрген жолға қарап, бой түзейді.

29 тамыз күні аудандық мәдениет үйінде ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер» атты ардагерлер фестивалінің гала  концерті өтті. Бұдан бұрын 16 округте ардагерлердің өнер фестивалі ұйымшылдықпен өткен болатын.

Ардагерлер фестивалінде сөз алған аудандық ардегерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев, - Елбасымыз әрқашанда үлкендерді ардақтау туралы айтып келеді. «Халықтың қартын сыйлау – елдің салтын сыйлау» дегендей, арттағы ұрпағына сөзімен де, ақылымен де, парасат- өнерімен де өнеге қалдырған бабамыздың  мұрасын ардақтап, қарияларымызды құрметтеу- болашақтың парызы,- деді.

Галаконцертте өнерлі ардагерлер көрермендерді өздерінің тұнық та, табиғи дауыстарымен бір серпілтіп тастады. Шындығы керек ардагерлер бүгінгі фонограмманы пайдаланбай, жанды дауыспен  әннен шашу шашты.

Ардагерлер Самат Ерғалиев, Самиғолла Сарбаев, Гүлнәр Жақыпқызы, Мәқуза Қаленқызы, Нұрболат Аманғалиев, Қадырбек Балғынов,  Жалмұхан Айтмағанбетов, Марат Биғалиев, Зәуреш  Ақмурзина, Нұрлан Шаканаев, «Гүлдерайым» ансамблінің мүшелері  және тағы басқалары  әдемі өнер көрсетті.

Ал, жалпақталдық ардагерлердің интермедиасы көрермендерді бейжай қалдырмады.

Концертті тамашалай отырып, қариялардың асыл қазына екенін байқадық. Сонымен қатар «Қайран ерлер, қаhарман ардагерлер» атты ардагерлер фестивалінің барлық округте және аудан орталығында  ұйымшылдықпен өтуіне күш-жігерін жұмсаған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев ағамыздың еңбегі бір төбе. Әркезде де қоғамдық істерге жан-тәнімен берілетін, былайша айтқанда өзінің шаруасын соқпайтын,  жеке шаруасы үшін кеңсе жағаламайтын Уәлиолла ағамызды қалай дәріптесек те лайықты.

IMG_1071Осындай ақсақалдар елде көп болса, жас ұрпақ адаспайтыны сөзсіз.

Гала  концертте сөз алған аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұханбетов,- ардагерлердің осындай өнері үшін рахметін айтып, дендеріне саулық, отбасыларына бақыт тіледі.

Сондай-ақ, өнер фестиваліне қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

Әсем Болат

Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале