Бүгін Чапаев ауылының басты алаңында тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» атты «Мектепке жол» акциясының ашылу салтанаты өтті.
Бұл шарада 62 оқушыға оқу құралдары, сөмке, аяқ киім және ақшалай көмек берілді. Аудандық білім бөлімінің басшысының орынбасары Бақыт Абдолова құтықтау сөз сөйлеп, ұл-қыздардың жарқын тағдыры үшін атсалысқан баршаға риясыз көңілден алғысын арнады.
Көмек қолын созғандар арасында, аудандық білім бөлімінен, мектептер ұжымдарынан, кәсіп иелерінен М.Әуезов атындағы орта мектептен, Чапаев №1 орта мектебінен, Абай атындағы мектеп-гимназиядан, Жайық негізгі мектебінен оқушылар сый-сияпат алып, қуанышқа бөленді. Жұрт мысалы, «Ишан», «Асылгүл» шаруа қожалықтары, «Карпухина», «Э.Губайдуллин» ЖК, «Ақбота», «Нұрсая», «Тамаша», «Бұлақ» дүкендері, Үкіметтік емес ұйымдар, «Отан» көлік жүргізушілер мектебі, басқа да мекемелер, ауылдастар, ата-аналар, еңбек ұжымдары бар.
Бекболат ҚАЛЕНОВ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz