14.07.2016, 10:03
Оқылды: 36

Діни түсінік берілді

Діни түсінік берілдіБҚО дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» ақпараттық-түсіндіру бөлімі  қызметкерлері ауданымызда болып, білім, мәдениет, заң және өзге де сала мамандарымен кездесті.


Жиынды ішкі саясат бөлімінің басшысы Асқар Әжіғалиев ашып, аудан көлемінде орын алған ахуал жайында әңгімеледі. Нақты мәліметтерге үңілер болсақ, өзге діннің жетегінде кетіп, адасып жүргендер қарасы бізде саусақпен санарлықтай екен. Діни ақпараттық топ дәстүрлі және теріс бағыттағы діни ағымдардың аражігін ажыратып, асыл дініміз – Әбу Ханифа мәзһабы туралы түсінік берді. Әрі жиынға қатысушылар толғандырған сұрақтарына жауап алды.

www.zhaikpress.kz

Г.ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале