14.07.2016, 9:44
Оқылды: 24

Елордадан табыспен оралды

Елордадан табыспен оралдыЕлордасы Астана қаласындағы Бейбітшілік пен келісім сарайында өткен Көңілді тапқырлар командалары арасында тұңғыш рет Қазақстан чемпионаты өтті.


Жаңа жобаның басты ұйымдастырушысы «Базар жоқ» театрының директоры Тұрсынбек Қабатовтың қолдауымен өткен аталмыш чемпионатта облыс намысын Қаратөбе ауданының «24 сағат» командасы қорғады.

«Қыс бойы қар тазалаған ағамыз тойда», «Елу жылда ел жаңа, жүз жылдан кейін отандық телеарналарда дәл осындай бағдарламалар пайда болса, таң қалмаңыз!», «Ауылда машиналардың маркаларын дәл осылай анықтайды» т.б әзілдерімен көпшілікті баураған топтың бәсі жоғары болды.

Чемпионат қорытындысында қаратөбелік команда мүшелері қыркүйек айында еліміздің бас қаласында өтетін ¼ финалына жолдама алып келді.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале