Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мемлекет және қоғам қайраткері Мұстақым Біләлұлы Ықсановтың 90 жылдығына орай ерлер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті.
Ашылу салтанатында жарысқа қатысушы Орал қаласы, Жәнібек, Бөкей ордасы аудандарынан жəне Ресей Федерациясының Волгоград, Саратов, Николевка, Красный Кут және Волжск қалаларынан келген командалар ортаға шақырылды. Қазақтың дәстүріне сай командалар ойыншыларына қонақкәде ретінде естелік сыйлықтар тарту етілді.
Спортшылар алдында сөз алған аудан әкімі Н.Қарағойшин киелі Жәнібек жеріне қош келдіңіз дей отырып, жарысқа қатысушыларға сəттілік тіледі.
Меңдібек Сырымов
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz