14.02.2015, 8:40
Оқылды: 61

Жарасым жарқылы


Ақжайық ауданында қаңтардың басынан-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналып біраз әсерлі, ықпалды іс-шаралар өткізілгенді. Бұл жылдың салтанатты ашылуына ұласып, одан әрі шырайлы жалғасын табуда.


«Қазақстан халқы Ассамблеясының шежіресі» атты кездесулер, дәрістер де ауыл тұрғындарының есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Ел Президенті Н. Назарбаев осындай ұйымды құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының І форумында жария еткені белгілі. 1995 жылдың 1 наурызы Ассамблея дүниеге келген күн болып, Отанымыздың тарлан тарихына айтулы дата ретінде енді. Ұйымның біздің облысымыздағы, оның ішінде үлкен ауданымыздағы жұмысы да тұрғындардың шын мәнінде мақтанышына айналды. Аталған тақырыптағы шараларда бұл тағы да айқын көрінді.


Мысалы, шалғай жатқан Сарытоғай, Базартөбе ауылдық округтерінде мәдениет қызметкерлері, мұғалімдер Елбасымыздың 1999 жылы жарыққа шыққан «Тарих толқыны» атты кітабына арнап тағылым сағаттарын ұйымдастырды. Аталған еңбегінде Мемлекетіміздің басшысы ұлт мәселесіне қатысты үрдісті танып, түсіну, елді өркендетуде ұлтаралық келісімнің маңызды фактор болып табылатыны жайында тамаша пайымдарын ортаға салғаны мәлім. Уақыт соның бәрінің бізге ауадай қажеттілігін дәлелдеді.

Аудан орталығындағы еңбек ұжымдарында, мәдениет мекемелерінде, басқа ауылдарда да «Қасиетті Тайқазан» атты көпшілік шарада Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи мавзолейіндегі осы ғажап дүние туралы бұқараға кеңінен ұғындырылды. Тайқазан – қиын-қыстау кезеңде елдің басын біріктіруге сеп болған қасиетті мұра. Осы мұра өткен 6 ақпаннан бастап «ҚХА – 20 ізгі іс» атты эстафетаның символы ретінде еліміздің барлық өңіріне жол тартты.

Біз бірсыпыра тұрғынға жолығып, жылға арналған осындай шаралардан ойға түйгендерін бөлісуді сұраған едік.


 

Бекем БЕКҰЛЫ,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале