Жақында Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев «Ақжайық» шипажайында демалып, саулықтарын түзеп, әрі білім алып жатқан березовтық шәкірттердің жағдайын сұрай барды.
Күні бүгін мұнда теректілік ұстаздар сабақ беріп, өнерпаздар концерт ұйымдастырып, балаларға барынша қамқорлық көрсетуде. «Жайлы шипажайға орналастырып, барлық жағдайымызды жасап жатқан ағаларға алғысымыз шексіз. Мұнда біздер сабақ оқып, кітапханаға барамыз, теннис те ойнаймыз», – дейді балалар.
Кездесу соңында балалар аудан әкімін өздері дайындаған концертті тамашалауға шақырды.