26.07.2016, 10:40
Оқылды: 44

Кететіні бар, неге келеді?

1432358315_2«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және бюджеттік несиеге тұрғын үй сатып алып, кейін түрлі себептермен жұмыстан шығып немесе басқа салаға ауысып кетіп, мамандығы бойынша белгіленген мерзім көлемінде жұмыс жасау туралы қабылдаған міндеттемелерін толық көлемде орындамау Ақжайық ауданында жиі орын алуда.


Атап айтсақ, 2009 жылдан бері ауданда барлығы 106 маман, оның ішінде 2016 жылы 5 маман түрлі себептермен жұмыстан шығып немесе басқа салаға жұмысқа ауысуы себепті, барлығы 42487,1 мың теңге, оның ішінде көтерме жәрдемақы есебіне 11318,5 мың теңге, бюджеттік несие есебіне 31168,6 мың теңге бюджет қаржысын кері қайтаруға тиіс болды. Сөйтіп, өзін де, өзгелерді де әуреге салып қойды.

Ереже тәртібі негізінде жасалған келісім бойынша ауылдық жерлерде кемі үш (2015 жылға дейінгілер – бес жыл) уақыт жұмыс істеу қажеттілігі туралы қабылдаған міндеттерін толық көлемде орындамай, бюджетке берешек болған осы 106 маманның барлығымен түсінік жұмыстары жүргізіліп, арнайы ескерту хаттар жолданды. Алайда алынған іс шараларға, ескертулерге еш мән бермеген 19 маманның ісі бойынша Орал қалалық №2, Зеленов, Жаңақала, Сырым, Жәнібек, Шыңғырлау аудандық және Ақжайық аудандық соттарына бюджет қаражатын кері өндірту туралы 19 талап арыз жолданып және де басқа іс-шаралар өтті. Нәтижесінде, қазіргі уақытта 97 маманнан, оның ішінде 83 маманнан толықтай, 14 маманнан жартылай көтерме жәрдемақы ретінде берілген барлығы 9322,4 мың теңге қаражат бюджет есебіне қайтарылды. Бюджетке әлі қайтарылуға тиісті 1996,1 мың теңгені кері қайтарту жұмыстары жүргізіліп, 1 маманның ісі сотта қаралуда, 2 маманның ісі сотқа дайындалып, 2 маманның тұрғылықты мекен жайлары анықталуда.

– Ал 2010 жылдан бастап бюджеттік несие алып, бірақ жұмыстан шығып кеткен 20 маман бюджетке 31168,6 мың теңгені әрине, кері қайтаруға мәжбүр. Олардың барлығына ескерту хаттар жолданып, барлығы 19901,8 мың теңге кері қайтарылып, қазіргі уақытта 11266,8 мың теңге берешегі бар 8 маманмен бюджет қаражатын қайтарту жұмыстары жүргізіліп, алынған шараларға еш мән бермеген 5 маманның ісі сотқа жолданып, сот шешімі шығып, олардың ісімен облыстық, аудандық сот орындаушылар айналысуда,-дейді аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Мұрат Көшімов.

Биыл 18 маманға жоспарланып, бөлінген 2672,5 мың теңге қазір толықтай берілді, ал 39 маманға беруге жоспарланған 124079,0 мың теңге бюджеттік несие ақшасынан 36 маманға 110542,9 мың теңгесі беріліп, қалған ақшаны тамыз айында беру үшін құжаттар дайындалып, әзірленуде.

Болат ЕСҚАЛИЕВ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале