25.07.2016, 10:26
Оқылды: 48

Күрделі жөндеу сапалы орындалуы керек

Күрделі жөндеу сапалы орындалуы керек         Ақжайық ауданында облыс әкімінің орынбасары Бағдат Азбаев болды. Ол Ақжайық аудан әкімі Әділ Жоламановпен бірге алдымен Жаңабұлақ ауылындағы Мәдениет үйінің күрделі жөндеу барысымен танысты.


Мұнда қазір 17 адам еңбек етуде, оның жетеуі - жергілікті тұрғын. Жаңабұлақтықтар көптен күткен бұл істі оралдық «БатысСтройСервис» ЖШС орындауда.

Аудан орталығы – Чапаевта Б.Азбаев аудандық орталық аурухана ғимаратын аралады. Мұнда да күрделі жөндеу. Бұл ауқымды жұмысты жүргізіп жатқан «Рембытстрой» ЖШС жұмысшыларымен, мамандарымен де техника қауіпсіздігін сақтау, істің сапасы жайында жан-жақты әңгіме болды. Б.Азбаев күн суығанға дейін негізгі жөндеу жұмыстарын аяқтау керектігін айтты.

Облыс әкімінің орынбасары осы күні сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі бөлімге атбасын тіреп, әскерге шақырушылармен жұмыс үшін жағдай жасалумен танысты.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале