26.07.2016, 15:50
Оқылды: 37

«Мектепке жол» акциясы басталды

Mektepke jolТәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы өтеді.


Мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарды жаңа оқу жылына дайындау.

Өткен 2015-2016 оқу жылында меценаттардың көмегімен аудан бойынша 1485 оқушыға 7 229 515 теңге, оның ішінде, бюджеттен тыс 1265 оқушыға 5 800 570 теңге материалдық көмек көрсетілді.

Алдағы уақытта аталмыш акция аясында Теректі ауданыны жергілікті атқарушы органдарын, мемлекеттік емес ұйымдарын, кәсіпорындардың, шаруашылық және т.б. басшыларын аз қамтылған және көп балалы отбасыларға материалдық жағынан демеушілік көрсетуге шақырады.

Дамир МЕНДЫБАЕВ,
Теректі аудандық білім беру
бөлімінің бас маманы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале