13.07.2016, 12:12
Оқылды: 24

Науқан қызған шақ

NAUKAN KYZGAN SHAK         Шыңғырлау ауданының Қарағаш  ауылдық округінде  шөпшілер қысқы мал азығын мейлінше мол жию үстінде.


Осы аумақтағы  9 шаруа қожалығы және  жеке тұрғындар бұл қауырт науқанға үлкен құлшыныспен  кіріскен еді.

-Биылғы  шөп шығымы жақсы, бағымдағы мал тез қоң алды, енді міне, тым-тәуір қор жинап алатын түріміз бар,-дейді  қарағаштықтар.
Бүгінгі таңға Қарағаш ауыл округі бойынша  745 гектар жерден шөп орылып, 1290 тонна мал азығы жиылды. Соның ішінде, ауыл тұрғындары 555 гектарды өз күштерімен орып жиған. Әсіресе Ақсуат, Қарағаш  Қайыңды ауылының тұрғындары бұл науқанда белсенділік танытып отыр.

Шаруа қожалықтары ішінде «Бауырым», «Рүстем» шаруа қожалықтары   жоспарды  37 пайызға орындап, «Әсет» шаруа қожалығы  бұл міндетті 54 пайызға жеткізіп, алда келеді.

www.zhaikpress.kz
Айсұлу  Амангелдіқызы
Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале