Ақжайық аудандық №2 сотында БҚО сотының кеңсе меңгерушісі Эльвира Темірниязова соттардың жұмысын ұйымдастыруда туындайтын мәселелерді талқылауға арналған семинар-дәріс өткізді.
«Семинар-дәрісте сот кеңсесінің жоспарланған іс-шараларды уақтылы және сапалы орындауы, сот актілері мен шағымданған істерді жоғары сатыдағы соттарға жолдаудың мерзімі мен тәртібі, мұрағаттағы істердің сақталу мерзімі туралы мәселелер қаралды»,-деді аудандық №2 сот төрайымы Тамара Ғұмарова.
Қатысушылар Э.Темірниязовамен бірге атқару құжаттарды орындау барысында қиыншылықтарға әкеліп соқтыратын нақты мәселелерді шешу жолдарын саралады. Э.Темірниязова мемлекет кірісіне өндірілетін сомалар туралы сот актілері мен атқару парақтарын орындау бойынша жұмыс сапасын көтеру, азаматтарға қолжетімді «Сот кабинеті» сервисінің тиімділігі жайында халыққа түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды атап өтті. Шарада қалалық соттардың мамандары Олжас Қадесов пен Айнагүл Құсанованың істерді қарау барысында дыбыс-бейнежазба құралын пайдалану туралы баяндамалары тыңдалды.
Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы
www.zhaikpress.kz