18.07.2016, 10:04
Оқылды: 100

Сотта брифинг өтті

Сотта брифинг оздырылды         Жәнібек аудандық сотында 2016 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстар бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Брифингті аудандық соттың төрағасы Айвар Бижанов жүргізді.


Сот төрағасының мәлімдеуінше, үстіміздегі жылдың 6 айында әкімшілік істер бойынша Жәнібек аудандық сотында 150 іс қаралған. Олардың басым көпшілігі ұсақ бұзақылық. Өкінішке орай, алкогольдік ішімдік пайдаланып автокөлік жүргізу фактілері азаймай тұр. Өткен жылдың жартыжылдығында осындай әкімшілік құқықбұзушылықтың 21 фактісі тіркелсе, биыл да сол көрсеткіш қайталанып отыр.

Жәнібек аудандық соты 2016 жылдың І жартыжылдығында 81 азаматтық іс қарап, нақты шешімдер шығарған болса, 19 адамға қатысты 18 қылмыстық істі қарап, аяқтаған. 14 қылмыстық іс бойынша сот үкімі шығарылса, 4-еуі тоқатылған, ал 1 іс прокурорға қайтарылған.

Брифингте сондай-ақ, аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Ержан Әліпқалиев медиациялық жолмен шешімін тапқан істерге тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл 15 қылмыстық, 27 азаматтық іс медиаторлардың көмегімен аяқталған. Осы орайда, аудан бойынша Жәнібек, Жақсыбай, Ұзынкөл ауылдарындағы медиаторлардың жұмыстары көш ілгері тұр.

www.zhaikpress.kz
Д.ЗЕННАТ
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале