Су жағалауында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қаратөбе аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері рейдтер жүргізуде. Рейд барысында суға шомылу ережесінің қатаң сақталуын қадағалауды басты мақсат еткен төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары балаларды сақтандыру бағытында ата-аналарға қауіпсіздік ережелері туралы түсініктер беріп, Қалдығайты өзеніне шомылушыларға су жағасында от жағуға, темекі тартуға, шыны ыдыстарды тастауға жол берілметіндігін қаперге салып, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратты. Суға шомылу кезінде қайғылы жағдайларды болдырмаудың алдын алу мақсатындағы сауықтыру шаралары шомылу маусымы аяқталғанша жалғасын таппақ.
Ерболат Райсов
Қаратөбе ауданы