Жәнібек аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері судағы қәуіпсіздік ережелері бойынша аудандағы тоғандарға рейд жүргізді. Ондағы мақсат-балалар мен жасөспірімдерге қауіпті жағдайды ескертіп, алдын алу. Тоғандарға жүргізілген рейд барысында БҚО ТЖД ұсынған балалар мен жасөспірімдерге арналған судағы сақтық шаралары мен қәуіпсіздік ережелері туралы кітапшалар мен ескертпелер таратылды. Жазғы демалыста, ең бастысы, ата-аналардың рұқсатынсыз суға түспеуді, егер түскен жағдайда ата-аналары қастарында болуы, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне бағынуымен қатар, жолдастық көмек, салқынқандылық, ұстамдылық танытып өте мұқият болу керектігін ескертті.