21.08.2016, 21:06
Оқылды: 94

Халық тілегі қолдау тапты

акимВжангалеӨңір басшысы Алтай Көлгінов Бөкей ордасы ауданына барар жолда Жаңақала ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан 16 үйдің құрылысын аралап, жұмыс барысымен танысты.


Жаңақала ауданына шілде айындағы алғашқы сапарында өңір басшысы суармалы лимандардың ескіріп, тозығы жеткен су қақпаларын жөндеуге көмек сұраған шаруа қожалықтарының, Құлшық құмынан жерасты су құбырын жүргізуді сұраған аудан тұрғындарының өтініштеріне қолдау көрсететінін, ол үшін құжаттарын жасап тапсыруды айтқан еді.

- Сіздердің өтініштеріңізді аяқсыз қалдырған жоқпыз. Суармалы лимандардың ескірген қақпаларын жөндеуге 24 млн. теңге, Қарасу, Төртқұлақ лимандарының жобалық құжаттарын жасауға 5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Құлшық құмынан жерасты суы құбырларын тартуды өмірлік маңызы бар жоба ретінде үкімет басшысы алдына мәселе  етіп көтердік. Бүгінгі таңда Құлшық құмнан жер асты су көзінен Жаңақала топтық су құбырын тарту жұмыстары қолға алынды. 2015 жылы жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, 2016 жылға ЖСҚ жасақтауға 28 766 мың теңге қаржы бөлініп, конкурсы өткізілді. Конкурс нәтижесінде «СПС» ЖШС-мен 58 490,460 мың теңгеге келісім шарт жасалды. Жобалау жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары 2 801 млн. теңге қаржыны қажет етеді. Құрылыс жұмыстарын 2017 – 2018 жылдарға салу жоспарланып отыр. Тартылатын су құбырының ұзындығы – 151 км. Ауданның 8 елді мекені, яғни 70 пайыз  аудан тұрғыны ауыз сумен қамтылатын болады.

Жол жөндеу жұмыс да біздің бақылауымызда. Биыл 24 шақырымы жөделді. Қалғаны келесі жылы жалғасады. Халық тілегін орындау біздің міндетіміз,-деді облыс басшысы А.Көлгінов аудан ардагерлеріне.

- Алғашқы сапарыңызда уәде үдесінен шыққаныңызға ризамыз. Облыста атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарды естіп, қуанып отырмыз. Жұмысыңыз жемісті болсын,- деді еңбек және соғыс ардагері М.Жаданов өңір басшысына ризашылығын білдіріп.

- Ел тілегін ескергеніңізге рахмет. Біз үшін маңызды Құлшықтан су құбырын тартуға қолдау білдіргеніңізге аудан тұрғандары атынан алғыс айтамын,- деген жаңақазандық ардагер К.Зейнуллин ақ батасын берді.

Халықпен жылы хоштасқан өңір басшысы Бөкей ордасы ауданына аттанып кетті.

Н. Ғаббас

Жаңақала ауданы

www.zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале