25.07.2016, 12:49
Оқылды: 89

Шығарма жазып шыңдалды

Шығарма жазып шыңдалдыТеректі аудандық Достық үйінде "Өркендеу" кәріс этно-мәдени орталығының ұйытқы болуымен «Біздің күшіміз халық бірлігінде» атты оқушылар арасында шығарма жазудан байқау ұйымдастырылды.


Аталмыш байқауға 6-10 сынып оқушылары қатысуға мүмкіндік алды. "Өркендеу" қолға алған өнегелі істердің бұл басы емес еді, дегенмен ойға алған шара өз деңгейінде өтті. Оқушылар берілген бір сағат ішінде еліміздегі және ауданымыздағы ұлттар арасындағы достық жайында көсіліп, өз ойларын бүкпесіз білдіруді толық меңгергендерін дәлелдеді.

Нәтижесінде, "Өркендеу" кәріс этно-мәдени орталығының төрағасы В.Шинбастаған, Достық үйі ұжымы қостаған әділқазылар алқасының шешімімен басқа қатысушылардан оқ бойы озықатанған А.Әлібекұлы 1-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, жүлделі 2-орынға З.Хайруллина лайық деп танылса, байқаудың 3-орынын А.Есенова місе тұтты.

Ұйымдастырушылар атынан жеңімпаздар мен қатысушылардың бәріне бағалы сыйлықтар табыс етілді. Байқаудың бас жүлдесін иемденген оқушының жұмысы аудандық газете жарияланатын болады.

Әділет ОРЫНБАСАРОВ
Теректі ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале