26.08.2016, 9:30
Оқылды: 10

Электр шаруашылығындағы қамданыс

электрикАқжайық ауданындағы Тайпақ электр жүйесінде алдағы қыс маусымына қамданыс басты қаперде ұсталуда. Бүгінге №3 «Тайпақ-Харькин» желісінің 8 ескі бағанасы, 2000 метр сымы ауыстырылды. Жүйе бойынша 56 «КТП-35/10 кВт» трансформаторының 27-сі жөнделді. Учаске мастері Марат Байғазиевтың айтуынша, кейбір техника күші жетпейді, алайда қызметкерлер тырысып бағуда. Өйткені, «кәрі құда» – қыр астында.

Бекем Бекұлы

Ақжайық ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале