Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту орталығына ағымдағы жылдың шілдесіне дейін 110 жас жұмыс іздеуші ретінде тіркелген.
- Бүгінгі таңда 80 жұмыс іздеуші қызметке орналастырылды. Оның ішінде 18 жас маман аудандық жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы тұрақты жұмысқа орналасса, 24 жас «Жастар практикасына» тартылды. Ал, 6 жас маман әлеуметтік жұмыс орнына, 20 жас қоғамдық жұмыс орнына жұмысқа жолданды. Айта кетерлігі, жастардың 30-ы ресми жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Аудан бойынша жастар жұмыссыздығы 0,6% пайызды құрайды.
2012 жылдан «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы басталғалы 24 жас бағдарламаға қатысып, кәсіп бастау үшін несие алды, - дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңесші маманы Асылзада Кәрімова.
Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz