-БҚО ІІД-нің нұсқауына сай, облыс жолдарындағы апаттылықтың өсуіне байланысты жол-көлік оқиғаларын төмендету, сондай-ақ жол жүру ережесін бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 25-27 шілде аралығында аудан бойынша «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы жүргізілді,-деді бізбен әңгімесінде Жәнібек аудандық ІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің жол және мемлекеттік техникалық автоинспекторы, полиция аға лейтенанты Азамат Әшекенов.
Оның айтуынша, осы кезеңде әкімшілік полициясы бөліністерінің жеке құрамы қызмет өтерудің күшейтілген түріне көшірілген. Аудандық маңызы бар автокөлік жолдарына патрульдеу ұйымдастырылып, нарядтардың тығыздылығы көбейтілген. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасына тартылған жеке құрамды бөліп-орналастыру жоспары дайындалған. Аудан бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі ықпалын тигізетін жол жүру қағидаларын өрескел бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылған. ЖЖҚ-ны жүйелі түрде бұзуға жол беретін тәртіп бұзушыларды құжаттандыру бойынша жұмыстар жандандырылған.
-Аталған мерзімде аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен жол жүру қағидаларын бұзғаны үшін жүргізушілерге ҚР ӘҚБК-нің түрлі баптары бойынша 26 әкімшілік хаттама толтырылды және ішімдік ішіп мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін бір әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, сот органына шешім қабылдау үшін жолданды,-дейді ол.
Аудан бойынша автокөлік жолдарының қауіпті учаскелеріне қосымша тексеру ұйымдастырылып, ол жерлерде жол жүру қағидаларын арттыру бойынша шаралар қабылданған.
Асқар ҚҰСАЙЫНОВ
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz