Жуырда белгісіз біреулер Зеленов ауданы, Достық ауылында орналасқан «Қолдыбай» дүкенінің терезесін бұзып кіріп, тауарын ұрлап кеткен.
Жалпы құны 8000 теңгенің азық-түлік, спирттік ішімдіктер мен темекісін қолды қылған ұрының соңына полицейлер түсіп, ұстап алды. Ұрланған заттардың жартысын қайтарған ол Ақжайық ауданына қарасты Алғабас ауылының тұрғыны болып шықты.
Түгелбай Бисен
Зеленов ауданы
www.zhaikpress.kz