Қаратөбе аудандық Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Ақтайсай ауылдық Мәдениет үйі жанындағы халықтық «Елім-ай» әжелер ансамблі облыс орталығындағы қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі Орал медициналық әлеуметтік мекемесінде болып, сазды бағдарлама ұсынды.
«Көңілі кең, жүрегі мейірімді асыл әже» атауымен өткен әжелер ансамблінің қайырымдылық сазды кеші қарттар үйінің тәрбиеленушілеріне мейірім шуағын төгіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
2011 жылы құрылған «Елім-ай» әжелер ансамблі репертуарындағы халық әндері «Замандас», «Гүлдерайым», «Дедімай-ау» және патриоттық негіздегі «Күн дидарлы Қазақстан!», «Астана» сынды әндерді шырқап, тыңдармандар ықыласына ие болды.
Әжелер қойған сазды кештен үлкен рухани әсер алған қамкөңіл қариялар мен әлеуметтік қызметкерлер алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.
Аталған сазды кешті ұйымдастыруда Ақтайсай Мәдениет үйінің директоры Е.Рамазанов пен әжелер ансамблінің жетекшісі Г.Айдарованың еңбегі зор.
Серікбай ХАСАНОВ
Қаратөбе аудан
www.zhaikpress.kz