8.12.2016, 17:38
Оқылды: 78

Әкім желтоқсан көтерілісі куәгерлерін қабылдады

Алматыда оқыған немесе жұмыс жасаған жастардың көбі 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі күндерінде жазықсыз қудаланғаны мәлім. Солардың ең жас дегені бүгінде 50 жастың шамасында екен. Желтоқсанның ызғарлы күндері сұрақ-жауапқа алынып, жоғарғы оқу орындарындағы оқуынан шеттетіп немесе басқалай қуғын көргендер Ақжайық ауданында да аз емес.

Аудан әкімі Әділ Жоламанов көтерілістің куәгерлері: Чапаев орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Мәлік Мұхтар, Чапаевтағы Абай атындағы мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Гүлнәр Иманғалиева және Есенсай ауылындағы орта мектептің мұғалімі Эльмира Тәженованы қабылдап, құрмет көрсетті.

Аудан басшысы 30 жыл толғалы отырған Желтоқсан көтерілісінің маңызын, оның қаһармандарының жұртымыз жадынан өшпейтін ерлігі хақында ой толғады. Ол облыс әкімі Алтай Көлгіновтың тапсыруы бойынша М.Мұхтар, Г.Иманғалиева, Э.Тәженоваға Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына арналған естелік медальді тапсырып, оларға игі тілегін арнады. Сол күндердің куәгерлері өздерінің естеліктерімен бөлісті.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале