16.10.2026, 0:00
Оқылды: 2

​«Сөзге айналған уақыт»: Жаңақалада қаламгер кітабының тұсаукесері өтті

Жаңақала аудандық кітапханасында қаламгер Жанайдар Болатбекұлының «Сөзге айналған уақыт» атты жаңа жинағының тұсаукесер рәсімі өтті.

IMG_4914

Шарада «Жыр жазамын жүрегімнен» бұрышына библиографиялық шолу жасалып, автордың өмір жолы мен шығармашылығы сөз болды.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, ақынның әкесі Болатбек Жұмағұлов, ақын Закария Сисенғали, «Жайық Пресс» медиахолдингі директорының орынбасары Тоқтар Ғабдрешұлы, тележурналист Тұрар Ғабдрашидұлы, М. Өтемісов атындағы БҚУ деканының орынбасары Әли Нәби, кәсіпкер Айдана Татаханова, сондай-ақ ұстаздар Салтанат Жанғалиқызы, Ақтолқын Бақтығалиқызы, Рая Жұмағалиева және өзге де зиялы қауым өкілдері қатысты.

IMG_4995

​Алдымен сөз алған Руслан Қонысбайұлы авторды құттықтап, аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаевтың алғысхатын табыстады және халқымыздың дәстүрі бойынша иығына шапан жапты.

IMG_4926

Кітаптың лентасын Закария Сисенғали мен Болатбек Жұмағұлов қиды.

Салтанатты жиында автор ұстаздары мен әріптестерінің жылы лебізіне бөленіп, Темірлан Сыралиевпен бірге «Ыңғайтөк» күйін орындады. Сондай-ақ композитор Ербол Ақбасов көпшілікке «Әке» атты әншашуын тарту етті.

IMG_4982

Райхан Хамзина, 

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале