25.07.2016, 16:00
Оқылды: 107

№2 сот – облыста І орында

акжайык сотАқжайық аудандық №2 сотында 2016 жылдың І жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша БҚО сотының кеңейтілген кеңесте қозғалған сұрақтарды талқылау бойынша жедел кеңес өтті.


Аталған мерзімде 5 жеке қаулы шығарылып, медиация заңын қолданумен 28 азаматтық іс аяқталып, жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінде 31 іс қаралды. Сот төрелігінің сапасын жақсартуға байланысты ауқымды шаралар орындалуда. Т.Ғұмарова сот мәжілісінің отырысын себепсіз кейінге қалдыру, істерді қарау мерзімдерінің бұзылуын болдырмау, істер бойынша 100% дыбыс-бейнежазба құралын пайдалану, сот актілері мен хаттамаларды уақтылы «Төрелік» ақпараттық бағдарламасына салу, сотқа келушілерге барынша қолайлы жағдай туғызуға қатысты міндеттерді тұжырымдады.

Өткен жартыжылдық қорытындысымен соттардың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын 8 өлшем бойынша сот төрелігін атқару сапасының мониторингісімен №2 сот облыста бірінші орын алды, ұжым осы жетістікті нығайтуды байыпты нысаналап отыр.

Бекем БЕКҰЛЫ
Ақжайық ауданы

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале