Бүгін Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылындағы үш 4 пәтерлі бір қабатты тұрғын үй құрылысы пайдалануға берілді.
2021 жылы тұрғын үйлердің құрылысын қолға алған мердігер «Өркен-Сервис» ЖШС 2022 жылдың аяғында тұрғын үйлерді пайдалануға берген.
Аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы ағымдағы жылдың қаңтар айының 10-ы күні кезекте тұрған тұрғындарға 12 пәтердің кілтін табыстап, жаңа қоныстарымен құттықтады.
Құрылысы аяқталған тұрғын үйлер жылумен қамтылған. Жаңа тұрғын үйге ие болған тұрғындар аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
Ерболат Райсов,
Қаратөбе ауданы,
zhaikpress.kz